Батыс Қазақстан облысында ірі қара малдан күйдіргі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында ірі қара малдан күйдіргі анықталды

Батыс Қазақстан облысында ірі қара малдан күйдіргі анықталды

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында әкімнің шешімімен ірі қара малдан күйдіргі анықталуға байланысты Жымпиты ауылында карантин жарияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 362
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, «ауырған сиыр өртеу арқылы жойылып, көмілді. Вакцина егу үшін 8 топ құрылып, оған 8 мал дәрігері мен 16 жұмысшы қамтылды. Дезинфекциялық тосқауылдары бар, тәулік бойы жұмыс істейтін 2 пост құрылды».

Сонымен бірге, «санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық тексерулер жүргізіліп, ауырған малдың иесінің қорасында 196 шаршы метр аумақта механикалық тазарту және дезинфекциялау жүргізілді».

«Малды иммунизациялау үшін вакцинаның 17 150 дозасы алынды. Малға клиникалық тексеру жүргізу үшін қора-жайларды аралау жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлайды министрліктегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті