Жарияланды: 380

Батыс Қазақстан облысында отарбаның трактормен соқтығысуы салдарынан бір адам қазаға ұшырады

Батыс Қазақстан облысында отарбаның трактормен соқтығысуы салдарынан бір адам қазаға ұшырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Апат Шыңғырлау станциясындағы "Успешный " бекетінде қорғалмайтын жол өткелегінде болған. Астана-Киев бағытында қатынайтын жолаушы тасымалдаушы отарба МТЗ-80 тракторымен соқтығысып қалған. Оқыс оқиға салдарынан 43 жастағы трактор жүргізушісі мерт болды. Апаттан ақау алған тепловоз жөндеуден кейін қайтадан жолға шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін