Батыс Қазақстанда мұғалім мектепте көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда мұғалім мектепте көз жұмды

Батыс Қазақстанда мұғалім мектепте көз жұмды

Батыс Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде мұғалім концерт болып жатқан кезде көз жұмды. Қайғылы жағдай 27 сәуірде болды.

  • 28 Сәуiр 2018
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы жағдай болған күні мектеп қабырғасында концерт өтіп жатқан. Барлық мұғалім мен оқушылар акт залында болған, олардың ішінде қайтыс болған мұғалім де бар. Концерт кезінде әйелдің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Оның әріптестері жедел жәрдем қызметін шақырғанмен, ажалдан арашалап қала алмады. Мұғалім 55 жаста болған.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы дәрігерлер оқиға орнына 10 минут ішінде жеткенін айтты.

«Бізге хабар 12:47-де келді. Жедел жәрдем бригадасы мектепке он минуттан кейін жеткенмен, дәрігерлер 1963 жылы туған әйелдің өлу уақытын ғана белгіледі. Мұғалім жедел жәрдем қызметі келмей тұрып көз жұмған», — дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Әйел күретамырлы қысымның көтерілуі диагнозы бойынша ауруханада тіркеуде тұрған.


Марқұмның артында жұбайы мен студент қызы қалды. Батыс қазақстан облысының білім басқармасы берген мәліметке сүйенсек, кенеттен көз жұмған мұғалім бірінші сынып оқытушысы болған.

Оқи отырыңыз:

Әлия Назарбаева қазақстандық бизнесмендерге кеңес берді

Шығыс Қазақстанда 7 адам отырған қайық Ертіске батып кетті

20 жастағы жігіт биені зорлаған