Батысқазақстандық балғын балуандар Анапада өткен халықаралық турнирден жүлдемен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық балғын балуандар Анапада өткен халықаралық турнирден жүлдемен оралды

Батысқазақстандық балғын балуандар Анапада өткен халықаралық турнирден жүлдемен оралды

Батысқазақстандық балғын балуандар грек-рим күресінен КСРО мен Ресейдің еңбек сіңірген бапкерлері мен спортшыларына арналған 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында Ресейдің Анапа қаласында өткен халықаралық турнирден табыспен оралды.

  • 23 Маусым 2014
  • 445
Фото - Caravan.kz


БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жарыстың ауқымдылығы сондай, оған ТМД елдерінен, атап айтқанда, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Молдова, Беларусь, Қазақстан елдерінен 20 команда құрамында 600-дей спортшы қатысты. 

Батыс Қазақстаннан төрт бірдей балуан қола жүлдегер атанды. Орал қаласындағы №1 БЖСМ шәкірті Азат Мұхамедиев (38 кг, бапкері Батырбек Қазиев), сондай-ақ спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатынан Мақсот Төлегенов жаттықтыратын Рүстем Темірғали 42 кг, Қуаныш Кеңесов 46 кг, Дәулет Ларионов 54 келі салмақта үшінші орынға көтерілді.