Батысқазақстандық спортшы В.Шкирман әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық спортшы В.Шкирман әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Батысқазақстандық спортшы В.Шкирман әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Батысқазақстандық Владимир Шкирман Финляндияның Сало қаласында өткен классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

  • 19 Маусым 2015
  • 434
Фото - Caravan.kz

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, В.Шкирман ардагерлер арасында 83 келі салмақта үшсайыс қорытындысында барлығы 607,5 кг (220+120+267,5) көтерді.

Аталмыш жарысқа әлемнің 40 елінен 800-ден астам пауэрлифтинг шебері қатысты. Қазақстан намысын 15 спортшы қорғаса, соның үшеуі БҚО-дан. В.Шкирманнан басқа А.Васьков 66 келі салмақта (547 кг) жетінші, А.Қапышев 74 келіде (657,5 кг) оныншы орынды еншіледі.