Баутино айлағы Түпқараған шығанағында кеме қозғалысын басқару жүйесін 2007-жылдың күзінде пайдалануға беру жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баутино айлағы Түпқараған шығанағында кеме қозғалысын басқару жүйесін 2007-жылдың күзінде пайдалануға беру жоспарланған

Баутино айлағы Түпқараған шығанағында кеме қозғалысын басқару жүйесін 2007-жылдың күзінде пайдалануға беру жоспарланған

АСТАНА. 2 - мамыр. Kazakhstan Today. Баутино айлағы Түпқараған шығанағында кеме қозғалысын басқару жүйесін 2007-жылдың күзінде пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

  • 2 Мамыр 2007
  • 671
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта мұнараның іргетасын салу жұмыстары жүзеге асырылып, құрылғылар топтамасы жеткізілген. Су көлігінің инфрақұрылымын дамытудың республикалық бюджеттік бағдарламасын одан әрі жүзеге асыруға үстіміздегі жылы 158 310 мың теңге бөлінген.

Бағдарламына жүзеге асыру кемелердің жүзуінің тиімділігін көтеруге, теңіздегі өмір қауіпсіздігін көтеру мен теңіз ортасын, сонымен қатар жағалау аймақтарын, өндірістік аумақтарды және жағалаудағы қондырғыларды теңіз кемелерінен келуі мүмкін зиянды әсерлердін қорғауға мүмкіндік береді деп атап өтті көлік және коммуникация министрлігіндегілер.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, кеме қозғалысын басқару жүйесі қызмет көрсетілетін кемелер мен қызығушылық танытқан ұйымдарға ақпарат беру, жинау, өңдеу мен сақтаудың орталықтандырылған жүйесін береді. Кеме қозғалысын басқару жүйелері өзендерде, теңіз фарватерлерді, теңіз және өзен айлақтарының акваторияларында орнатылады және де екі кластық міндеттерді шешеді. Біріншісі — диспетчерлік міндеттер — кемелер қозғалысын реттеу; екіншісі — лоцмандық — кемелердің қозғалысына бақылау қою. Жүйе қозғалыстың ең жоғарғы рұқсат етілген қарқындылығы барысында қауіпсіздік навигациясын қамтамасыз етуге, апаттарды төмендетуге және судың ластануының алдын алуға, сонымен қатар флот пен айлақтар жұмысының техникалық-пайдалану тиімділігін көтеруге бағытталған.

Сонымен қатар, кеме қозғалысын басқару жүйесі көріну шектелген жағдайда немесе нашар немесе дер кезінде берілмеген ақпарат салдарынан лоцманды күтуде кеменің тұрып қалуын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде кеме иелері мен айлақта кемені өңдеу процессіне тартылған көптеген жағалаудағы ұйымдардың айтарлықтай шығынға ұшырауын төмендетеді, деп хабарланған көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарында.

Министрліктің баспасөз қызметінен еске сала кеткендей, Қазақстанда су көліктерінің инфрақұрылымын дамытудың республикалық бюджеттік бағдарламасы жұмыс істеуде, оған 2006 жылы 160 млн жоғары теңге бөлінген. Сол кезде Түпқараған шығанағында кеме қозғалысын басқару жүйесін құру жобасын жүзеге асыру басталған. Жобаны жүзеге асыру 25 теңіз миліне дейінгі өрісте кеме қозғалысының қауіпсіздігіне бақылау қоюға және айлаққа жылына 5 мың кемеге дейін кіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ,ақтау, Құрық және атырау айлақтарында кеме қозғалысын басқару жүйесін құру жоспарлануда, бұл Каспийдің қазақстандық секторын толық бақылауға алуға мүмкіндік береді, деп атап өтті көлік және коммуникация министрлігіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті