Б.Байбек Мемлекет басшысына Универсиадаға дайындық барысы туралы баяндады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Байбек Мемлекет басшысына Универсиадаға дайындық барысы туралы баяндады

Б.Байбек Мемлекет басшысына Универсиадаға дайындық барысы туралы баяндады

Кездесуде Б.Байбек Мемлекет басшысына 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық барысы туралы баянд

  • 17 Қараша 2016
  • 459
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Б.Байбек Мемлекет басшысына 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Алматы қаласының әкімі универсиаданы өткізуге дайындықтың кестеге сәйкес жүріп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, Б.Байбек Қазақстан Президентіне алдағы универсиадаға әлемнің 57 елінің өкілдері қатысуға ниет білдіргенін мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, Халықаралық студенттік спорт федерациясы Универсиада-2017 студенттік ойындар тарихындағы ең ірі жарыс болуға тиіс деп болжап отыр.


Бұдан бөлек, Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевты Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысынан хабардар етті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, қаланың өңірлік жалпы өнім көлемі 2,8%-ға артқан, шағын және орта бизнесті несиелеу 35%-ға өсіп, 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған, сондай-ақ қаланың шағын және орта бизнес субъектілері өнімінің көлемі 30%-ға артқан.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар