Бейбіт Шүменов Ковачты үшінші раундта нокаутқа жіберді -ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейбіт Шүменов Ковачты үшінші раундта нокаутқа жіберді -ВИДЕО

Бейбіт Шүменов Ковачты үшінші раундта нокаутқа жіберді -ВИДЕО

Жартылай ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша супер чемпион қазақстандық Бейбіт Шүменов өз атағын қорғап қалды.

  • 16 Желтоқсан 2013
  • 511
Фото - Caravan.kz

Ол қарсыласы — словак Томаш Ковачты үшінші раундта нокаутқа жіберді.

 Жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтті. Қазақ боксшысы жекпе-жекті салған жерден шабуылмен бастады. Үш раундта да қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшіншісінен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, Бейбіт техникалық нокаутпен жеңіске жетті деп танылды.

 Бейбіт Шүменов осы бәсекеге дейін кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізіп, оның 13-де жеңіске жеткен. 8 жекпе-жекте қарсыластарын нокаутқа жіберген. Ал Томаш Ковач 23 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіпті. 14 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Бұл оның алғашқы жеңілісі.

 Бұған дейін Шүменов бір жарым жыл бойы рингке шықпаған болатын. Келесі жекпе-жегін қазақ боксшысы жартылай ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы 48 жастағы америкалық боксшы Бернард Хопкинспен өткізуі мүмкін деген болжам бар, -деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы.