Жарияланды: 550

Бейжіңде қою түтін қауіптілігінің «қызыл» деңгейі жарияланды

Бейжіңде қою түтін қауіптілігінің «қызыл» деңгейі жарияланды

Бейжің билігі түтін  қауіптілігінің «қызыл» деңгейін жариялады.  Ықтимал «қызыл» деңгейді Қытай астанасында алғаш рет бір апта бұрын жариялады, деп хабарлады Би-би-си.

Бейжіңді сенбіден сейсенбіге дейін уытты қою түтін басады, деп болжайды бейжіңдік  метеорология қызметі.

Бұдан басқа, тқою түтін ҚХРдің ірі ауданы - Қытай орталығындағы Сиань қаласынан солтүстік-шығыстағы Харбинге дейін басуы мүмкін, деп ескертеді билік.

Қауіптілік деңгейінің артуынан көлік пайдалану шектеліп, фабрикалар, құрылыстар жұмыстары тоқтатылады.

Үкімет жиі қауіпті деңгейге жетіп отырған ауаның ластануының алдын алу шараларын қабылдауға уәде берді.

Өткен дүйсенбіде Бейжіңнің кей аудандарында ластану деңгейі текше метріне 265 микрограммды құрады, ДДСҰ адам үшін шаршы метріне 25 микрограмм қауіпсіз деп санайды.

Осы жолы қауіптілік деңгейі текше метріне 500 микрограммға жетеді деп күтілуде.

Түтін  басу  көмірмен жұмыс істейтін кәсіпорындардың, жылыту жүйелерінің шығарындылары мен көптеген құрылыстың шаң-тозаңы салдарынан орын алып отырғаны айтылуда. Осы себеп бойынша қауіптіліктің «қызыл» деңгейі 2013 жылы Нанкинде енгізілген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін