Бейжіңде ШЫҰ-ның 2015 жылғы жұмысы қорытындыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейжіңде ШЫҰ-ның 2015 жылғы жұмысы қорытындыланды

Бейжіңде ШЫҰ-ның 2015 жылғы жұмысы қорытындыланды

Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2015 жылғы қызметіне арналған жиын өтті. Бұл - Дмитрий Мезенцевтің ШЫҰ  бас хатшысы қызметіндегі соңғы шарасы.

  • 22 Желтоқсан 2015
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Келесі жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы 15 жылдығын атап өтеді. Ұйым беделді халықаралық бірлестікке айналды, оның құрамында 18 ел бар», — деді Д.Мезенцев өз сөзінде.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жыл ұйым үшін маңызды болды. Уфа саммитінде негізін қалаушы мемлекеттердің президенттері 2025 жылға дейінгі ШЫҰ Стратегиясын бекітті. Ұйымға Үндістан мен Пәкістанның қосылу үдерісі басталды,  Беларусь бақылаушы-мемлекет статусына ие болды, Әзербайжан, Армения, Камбоджа мен Непал диалог бойынша серіктес статусына ие болды.  

Шараға Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бүкілқытайлық комитет (НПКСК) төрағасының орынбасары Чэнь Юань, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, бизнес, БАҚ, мемлекеттік органдар мен Қытайдың сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияны ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі  Шахрат Нұрышев басқарды.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан ШЫҰ бас хатшысы  Рашид Алимов болады. Ол қазір Қытайдағы Тәжікстанның  Төтенше және Өкілетті Елшісі. 


nullnullnullnullnullnullnullnull