Bek Air әуе компаниясы IOSA қауіпсіздік сертификатының болу қажеттілігі туралы талапқа қарсы шығуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Bek Air әуе компаниясы IOSA қауіпсіздік сертификатының болу қажеттілігі туралы талапқа қарсы шығуда

Елдің ішінде тасымалдаумен айналысатын әуе компаниялары үшін инвестициялық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің IOSA аудитінің болу қажеттілігі туралы талабы билеттердің қымбаттауына әкеп соғады, деп санайды қазақстандық Bek Air әуе компаниясындағылар.
Компанияның сайтында жария етілген мәлімдемеде атап өтілгендей, 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап аталмыш министрліктің азаматтық авиация комитеті тұрақты ішкі рейстерді орындаушы әуе компаниялары үшін IOSA аудитінен өту сертификатының (Operational Safety Audit IATA) болуы туралы талап енгізіп отыр.
"Регламентке орай, аудитті IATA-ның шетелдік мамандары жүргізуге тиіс, бұл қосымша, оның үстіне пайдасыз шығын, 1,5 млн доллардан аса қаржы керек, бұл міндетті түрде әуе билеттерінің құнына ықпал етпек. Сертификаттың қымбатқа түсуімен қатар қазақстандық тасымалдаушылар шетелдік құрылымдарға тәуелді болып қалады, өйткені бұрындары өкілетті орган –азаматтық авиация комитеті атқарған функциялардың бір бөлігі шетелдік құрылымдардың қарауын өткізілмек, бұл ҚР қолданыстағы заңдарының бұзылуына және сәйкесті жауапкершілікке, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», делінген Bek Air хабарламасында.

  • 5 Қаңтар 2016
  • 656
Фото - Caravan.kz