Жарияланды: 310

Беларусь Президентін ұлықтау рәсімі өтті

Беларусь Президентін ұлықтау рәсімі өтті

Александр Лукашенко Беларусь Президенті лауазымына кірісті. Ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік Сарайында өтті, деп хабарлады БЕЛТА. 

Беларусь Республикасының Конституциясына сәйкес, Президент ант бергеннен кейін лауазымына кіріседі.

Конституцияға оң қолын қойып, Александр Лукашенко беларусь тілінде ант берді. Одан әрі Александр Лукашенко ант беру туралы актіге қол қойды, содан кейін Беларусь Орталық сайлау және республикалық референдумдар өткізу жөніндегі комиссияның төрағасы Лидия Ермошина оған Беларусь Республикасының Президенті куәлігін табыс етті. Инаугурация рәсімі 1 мыңнан астам шақыртылған адамдардың қатысуымен өтті, олардың ішінде лауазымды тұлғалар, палата депутаттары, Республика кеңесінің өкілдері мен мүшелері, түрлі деңгейдегі басшылар, дипломатиялық корпус өкілдері, шетелдік қонақтар бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін