Жарияланды: 620

Беларусь және Ресей кәсіпкерлері тауарларын қазақ орнаменттерімен безендіріп, елді жаңылыстырып жүр

Беларусь және Ресей кәсіпкерлері тауарларын қазақ орнаменттерімен безендіріп, елді жаңылыстырып жүр

Беларусь және Ресей кәсіпкерлері тауарларын қазақ орнаменттерімен безендіріп, елді жаңылыстырып жүр.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен халықаралық конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергенов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта комиссия Беларусь елінде шығарылған, бірақ «Қазөнім» деп белгіленген сүт, кеспе, қант өнімдерін анықтады», - дейді Н. Алдабергенов.

Оның сөзіне қарағанда, бұл өнімдерде қазақ орнаменттері, кейбірінде тіпті Қазақстанның мемлекеттік символикасы белгіленген.

«Әсіресе ол Беларусь компанияларына қатысты. Бізде қазір осы жағдайға қатысты келіссөздер жүргізілуде. Егер әлеуметтік сұрау барысында халық бұл орнаменттер оларды жаңылыстыратынын айтатын болса, компанияға айыппұл салынады», - Н. Алдабергенов.

Аталмыш оқиғаға қатысты әлеуметтік зерттеуді Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізеді.

«Егер тауарда «Қазақстан» деп тайға таңба салғандай жазылып тұрса, қазақ орнаменттерімен безендірілген болса, жергілікті халық бұл отандық тауар екен деп, жаңылысып сол тауарды сатып алатыны анық. Шет мемлекеттерде бұндай оқиғаны заң бұзушылық деп таниды және арнайы антимонополиялық орган бұл мәселемен айналысады. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы компанияларға бұл туралы нақты айтылды. Маркілеу және тауарды безендіру талаптарға сай болуы тиіс. Тұтынушыларды жаңылыстыратындай анық бұзушылықтар болмауы керек. Бұл жағынан біз мұқият болғанымыз абзал», - деп атап өтті ол. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін