Беларусьте президенттік сайлау өтіп жатыр
![]() |
Бүгін Беларусьте президенттік сайлау өтіп жатыр, деп хабарлады БЕЛТА. |
Дауыс беру тізіміне 6,9 млн-нан астам сайлаушы енгізілді. Оның ішінде 5,7 мыңнан астамы Беларусьтен тыс жерде.
Беларусьте үміткерге сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады.
Президенттікке кандидат ретінде төрт адам: Сергей Гайдукевич, Татьяна Короткевич, Александр Лукашенко және Николай Улахович тіркелді. Олардың тегі әліпби бойынша дауыс беру бюллетенінде көрсетілген. Ол сайлау учаскесіне келген сайлаушыға беріледі.
Дауыс беру аяқталғаннан кейін сайлау қорытындысын кеткенде 10 тәуліктің ішінде Орталық комиссия анықтайды.
Сайлауда сайлаушылар тізіміне енгендердің ел азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысқанда Беларусь Президентінің сайлауы өтті деп есептеледі. Сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс бергенде ғана Мемлекет басшысы сайланды деп есептелінеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін