Белгілі қоғам қайраткері Мақсұт Нәрікбаев өмірден озды
![]() |
Бүгін, 2015 жылдың 12 қазанында 75 жасында белгілі қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық заң университетінің президенті Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев өмірден озды. Суыт хабарды университеттің баспасөз қызметі растады. |
Марқұмның қай қалада және неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Мақсұт Сұлтанұлы 1940 жылы 30 наурызда Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келген. 1958-59 жж. - Украин КСР Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды. 1963-66 жж.- Совет Армиясының қатарында әскери борышын өтеді.
1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты (қазір - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) . Заң ғылымдарының докторы (1998), құқықтану профессоры (2001), Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі (2001 жылдан бастап). М.Нәрікбаев жоғары класты білікті судья еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін