Бердібек Сапарбаев Құрбан айт мерекесі күні Ақтөбедегі үш мешітке барды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бердібек Сапарбаев Құрбан айт мерекесі күні Ақтөбедегі үш мешітке барды

Бердібек Сапарбаев Құрбан айт мерекесі күні Ақтөбедегі үш мешітке барды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев таңертең Ақтөбедегі орталық мешіт - «НұрҒасырға» келді. Бұл жерде әкім барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 639
Фото - Caravan.kz

«Біздің ертеңгі күніміз жарқын болсын! Әрқашанда еліміз  аман, жұртымыз тыныш,  бірлігіміз берік болсын!» — деді әкім айт намазына жиналған қауымға.

Айт намазы аяқталған соң мешіттің ішкі ауласында құрбан шалу рәсімі болды. Аймақ басшысының атынан да құрбандық малы шалынды.

Сондай-ақ мешіттің сыртындағы алаңда мереке ұйымдастырылды, ұлттық ойындар ойнатылып, әртістер өнер көрсетті.

Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі басқа екі мешітте де болды: Орталық қалалық мешіт пен «Нұрдәулет» орталық мешітінде жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.


«Құрбан айт мерекесінде ниет-тілектеріңіз қабыл болып, үй іштеріңізге береке мен бірлік алып келсін!» — деді әкім құттықтауында.