Әншінің жары Ерлан Қожасбай – спорт саласының маманы. Бүгінде отандық меценаттардың тізіміне еніп үлгерген. Сондай-ақ олар – "махаббаттың жасқа қармайтынын" дәлелдеген жұп. Өйткені дерек көзіне сүйенсек, Динараның сүйіктісі өзінен 17 жас үлкен.
“Күздің соңғы күнінде уәдемде тұрайын.
Жолдасымыз екеуміз танысқанымда маған бес бала туып берсең үйленем дегені бар еді. Негізі қалжыңдағаны ғой, дегенмен, мені ондайға барады деп ойламаған сияқты. 22 жасымда біріншісін, 33 жасымда алтыншысын босандым. Үйленуге уақыт болмапты демеңіз, некемізді Ислам діні бойынша о баста қиғанбыз. Ресми түрде асықпадық, өмірде небір жағдайлар болып қалады. Сөйтіп 2019 жылы тойымызды ең бірінші балаларымызға, одан соң туыс, дос-жаранға арнап жасадық. Енді міне, тағы бес жыл өте ресми түрде некемізді қидық. Мен ойлаймын, бәрі Алланың қалауымен,шүкір. Жолдасымның нағыз жолдас, әке екенін басынан түсінгем, еш күмәнім болмады. Еркекті көркейтетін – әрекет. Мен де, ол кісі де сөзімізде тұрдық. Енді жастарға қарасақ, бүгін дүрілдетіп той жасап, ертең-ақ айырылысып жатады.. 114 мемлекеттен Қазақстан 16 орында өкінішке қарай.. Менің айтарым, асықпаңыз, бұл өмірде ең бастысы – баланс. Соны түсінсек болды”, – деп жазды әнші.
Желіде әншінің тыңдармандары қос жұпқа бақыт тілеп, өздерінің махаббат хикаяларын бөлісіп жатыр.