"Білім" тарифі қосылады": Мұғалімдер мен оқушылардың арнайы тарифке қанша төлейтіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Білім" тарифі қосылады": Мұғалімдер мен оқушылардың арнайы тарифке қанша төлейтіні белгілі болды

"Білім" тарифі қосылады": Мұғалімдер мен оқушылардың арнайы тарифке қанша төлейтіні белгілі болды

Тариф арқылы білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады

  • 6 Тамыз 2020
  • 997
Фото - Caravan.kz

 Қазақстанда оқушылар мен мұғалімдерге арналған "Білім" арнайы тарифі іске қосылады. Тариф бойынша айына абоненттік төлем құны – 990 теңге.

Ел азаматтары оны тамыз айының екінші жартысынан бастап пайдалана алады, деп хабарлады Caravan.kz порталы  Еуразия бірінші арнасы-на сілтеме жасап. 

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкееваның айтуынша, тиімді тарифті еліміздің барлық ұялы байланыс операторы енгізеді.

"Мұғалім" немесе "оқушының" қосылу шарттарын білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі пысықталып жатыр. Мұғалімдер мен оқушылардың тізімі берілуі мүмкін", — дейді Гүлнәр Бөкеева.


Тариф арқылы білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі уақытта министрлік 380 ресурсты қолдап отыр. Сонымен қатар байланыс операторлары абоненттерге қосымша гигабайт ұсынады.

 

Соңғы жаңалықтар