Жарияланды: 370

Билл Гейтс Forbes нұсқасы бойынша бай американдықтардың тізімін бастады

Билл Гейтс Forbes нұсқасы бойынша бай американдықтардың тізімін бастады

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс американдық Forbes журналының нұсқасы бойынща

ең бай американдықтардың тізімін бастады. 400  адам кірген тиісті жыл сайынғы рейтинг сейсенбі күні басылым сайтында жарияанды.

Forbеs мәліметтері бойынша, Гейтстің дәулеті 3,2 млрд. долларға қысқарып, 76 миллиард долларды құрады. «Microsoft-дағы Гейтстің үлесі 3 пайызға дейін қысқарды және оның дәулетінің 13 пайызын құрайды. Қалғаны - миллиардердің әртүрлі саладағы көптеген кәсіпорындарға инвестициялары».

Екінші орында Berkshire Hathaway инвестициялық холдингінің бас директоры Уоррен Баффетт 62 млрд. доллар дәулетпен тұр. Үшінші орында - американдық бағдарламамен қамтуды жасаушы-компанияның негізін қалаушы Oracle Ларри Эллисон. Оның дәулеті 47,5 млрд. долларға бағалануда, деп жазады ТАСС.

Алғашқы ондыққа Amazon.com электрондық дүкенінің бас директоры Джефф Безос пен Facebook әлеуметтік желісінің басшысы Марк Цукерберг кірді. Forbes мәліметтері бойынша, Безос бір жыл ішінде өзінің дәулетін 16,5 млрд. долларға ұлғайтты. Жыл ішінде ол 15-ші орыннан 4-ші орынға жылжыды,  Forbes оның дәулетін 47 млрд. долларға бағалады. Дәулеті 40,3 млрд. долларға бағаланған Цукерберг 10-шы орыннан 7-шы орынға жылжыды.   

Forbеs мәліметтерінше, «тізімге қатысушылардың жиынтық дәулеті 2,34 триллион долларды құраған. Бұл өткен жылғыдан 50 млрд. көп», деп атап көрсетеді басылым.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін