Бильярд: «Құрастырмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионатында астаналық спортшы 10-шы орынды еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бильярд: «Құрастырмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионатында астаналық спортшы 10-шы орынды еншіледі

Бильярд: «Құрастырмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионатында астаналық спортшы 10-шы орынды еншіледі

Бүгін Ресейдің Кемерово қаласында бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионатының ақтық ойындары өтіп жатыр.

  • 9 Ақпан 2013
  • 422
Фото - Caravan.kz

6 ақпан күні басталған бұл дүбірлі додаға 17 елден 62 спортшы қатысқан болатын. Аса тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасынан астаналық Қуаныш Абпасов -10-шы, алматылық Қаныбек Сағындықов -12-ші, Ернар Шымбаев — 20-шы, Эмиль Мударисов — 28-ші, Әлихан Қаранеев — 33-ші, тараздық Максим Пан 40-шы орынды қанағат тұтты.

Қазіргі сәтте ресейлік Винторо Локтев пен украиналық Ярослав Тарновецкий Әлем чемпионы атағына таласуда. Ал жарысты ерте аяқтаған Қуаныш украиналық Павел Радионов пен қытайлық Эдуард Дифуды 6:2 етіп ұтқанымен, 9-16 орын үшін болған сында чемпионатта үздік бестіктің қатарына енген ресейлік Александр Банныйға 4:6 есебімен есе жіберді. Қаныбек алғашқы сында молдовалық Цезарь Маноиланы (6:2), ал 7-12 орын үшін болған сайыста өз жерлесі Ернар Шымбаевты (6:4) жеңіп, 9-16 орынға талас кезінде үздік үштікті түйіндеген украиналық Александрь Паламардан 2:6 есебімен сүрінді. Ал Ернар алғашқы сында әзірбайжандық Сейхун Агаевты 6:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Эмиль молдовалық Владимир Рейсті (6:4) жеңгенімен, чемпионатта 4-ші орын алған ресейлік Никита Ливадаға (2:6) ұтылды. Әлихан беларус Олег Речицке 5:6, Пан қырғызстандық Зайлан Адамовқа 3:6 боп есе жіберді.