Бір қойдың құны - 75 мың: Құрбандық шалу үшін арнайы сайт іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір қойдың құны - 75 мың: Құрбандық шалу үшін арнайы сайт іске қосылды

Бір қойдың құны - 75 мың: Құрбандық шалу үшін арнайы сайт іске қосылды

Биыл да құрбандық шалу онлайн және оффлайн форматта өтеді.

  • 11 Маусым
  • 41
Фото: pinterest.co

Қазақстанда Құрбан айт мейрамының бірінші күні 16 маусымнан басталатын болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажет қаражатты аудара алады.

Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын 1 немесе 7 адам бірігіп шалса болады.

Тапсырысыңыз сәтті өтсе, ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

Сайтта белгіленген баға бойынша Астанада бір қойдың құны – 75 мың теңге, ал алматылықтар 72 мың теңгеге бір қой сатып алып, онлайн құрбандық шала алады. Ең қымбат қой шымкенттіктер үшін, құны — 80 мың теңге.

Сондай-ақ сайтта қойдан басқа, ірі қара мал және ешкіні де сатып алуға болады. Алматылықтар үшін ірі қара — 441 мың, ешкі — 45 мың теңге.

Діни басқарма іске қосқан сайтта құрбан шалуға тапсырыс беруге болады. Ет мұқтаж жандарға таратылатындықтан, адамдар құрбан етіне тапсырыс беріп, өтініш қалдыра алады. 

Айта кетейік, бұған дейін 17 маусымда қазақстандықтар қосымша бір күн демалатыны хабарланған болатын. Өйткені Құрбан айттың бірінші күні осы күнге сәйкес келген еді. Алайда бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мерекенің бір күн бұрын – 16 маусымда басталатынын хабарлады.

Биыл Құрбан айттың алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді.

Толық ақпаратты Qurban 2024 сайтынан ала аласыздар.