Жарияланды: 440

Бір тәулікте Алматы облысында 1, Қырғызстанда 3 рет жер сілкінді

Жексенбі сағат 13-тен дүйсенбінің сағат 9-ына дейінгі аралықта Алматы облысында күші 3,4 балдық жер сілкінісі тіркелді, тағы 3 жер сілкінісі көрші Қырғызстанда болды, деп хабарлайды European Mediterranean Seismological Centre.

«19 маусымда Астана уақытымен 13:17-де Алматы облысында магнитудасы 3,4 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала кіндігі Есік қаласының оңтүстігінде 25 км, Алматының оңтүстік-шығысында 42 кмжерде болған», - делінген Еуропа агенттігінің ақпаратында. Сонымен бірге, 19-20 маусымда Қырғызстанда Астана уақытымен 21:01, 3:02 және 4:14-те 3 жер сілкінісі тіркелген. Жер асты дүмпулерінің күші 4,1; 4,0 және3,3 балды құрады, делінген ақпаратта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін