Бір топ ұлт жанашырлары оралмандарға арналған жаңа заң жобасына қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір топ ұлт жанашырлары оралмандарға арналған жаңа заң жобасына қарсы шықты

Бір топ ұлт жанашырлары оралмандарға арналған жаңа заң жобасына қарсы шықты

Бүгін бір топ зиялы қауым өкілдері Елбасына үндеу жолдады. Ұлт жанашырлары оралмандарға арналып жасалған жаңа заң жобасын кері қайтаруды өтініп сұрап отыр. Өйткені құжат ата жұртынан ажыраған қандастарымызды бұдан былай елге мүлде келтіртпеуді көздейді дейді олар. 

  • 23 Қазан 2013
  • 529
Фото - Caravan.kz

Шыншыл, рухты және адал перзенті емес ұлтының! Шындық кейде қалың арпа ішіндегі бір бидай. Неге әділдік күресінде жұрттың бәрі Тымпибай? Ұлтсыздыққа кім шын мінез көрсетпесе қырғидай, ондайлардың бүгінгі аты – Ырбикүл мен Жырбибай!

Мұхтар Шаханов оралмандардың алдын орағандарға арнап өлең де жазыпты. Онда халық ақыны қандастарымызға 5 жылға дейін азаматтық бермеуді ұйғарған депутаттарды «Ырбикүл» мен «Жырбибайларға» теңеген. Көші-қон заңындағы бұл өзгерістерді жақында Мәжіліс пен Сенат депуттаттары бірауыздан қолдап, дауыс берген болатын. Құжатта әлеуметтік көмек дейтін атымен жоқ. Оралмандар келімсектерге теңестіріліп, ел ішінде 5 жыл бойы куәліксіз жүруді жазған. Зиялы қауым өкілдері бұл оралмандарға оралмаңдар дегенмен бірдей деп отыр. Қазірдің өзінде мыңдаған қандасымыз шекара асқанымен, азаматтық ала алмай сенделіп жүр.    


Кеулімжай Құтты, оралман:

—  Осы келтірмеудің амалы ма деп қалдым. Үлкен өте кедергі қойған. Айтылмайды, ашық айтылмайды, ананы алып кел, мынаны алып кел, сонымен осылай жүрміз.