«Біреуге айтсаң, бауыздаймын»: Алматы облысында туған әкесі қос қызын 11 жыл бойы қорқытып, зорлап келген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Біреуге айтсаң, бауыздаймын»: Алматы облысында туған әкесі қос қызын 11 жыл бойы қорқытып, зорлап келген

«Біреуге айтсаң, бауыздаймын»: Алматы облысында туған әкесі қос қызын 11 жыл бойы қорқытып, зорлап келген

Алматы облысында тағы да жантүршігерлік оқиға орын алды.

  • 29 Мамыр 2023
  • 4193
Фото - Caravan.kz

Туған әкесі қос қызын 11 жыл бойы зорлап, қорқытып келген, деп хабарлайды Caravan.kz.

Жантүршігерлік оқиғаны журналист Сандуғаш Дүйсенова хабарлады.

«Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Бөлек ауылының 2001 және 2003 жылғы қыздар Оrda.kz журналистіне хабарласып, туған әкелері 11 жыл бойы зорлап келгенін айтқан. Қазіргі таңда апалы-сіңлілі қыздар кәмелет жасына толған, олардың бірінің жасы 20-да болса, екіншісі 22-де. Күдіктінің үлкен қызының айтуынша алғаш рет зорлық оқиғасы ол небары 11 жаста болғанда орын алған», — деп жазды журналист.

Дәлел ретінде қыздар зорлықшы зорлық болған кездегі аудиожазбаларды сақтап келген. 

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Алматы облысы полиция департаменті аталған оқиғаны тергеп жатқаны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар