Бірінші лигада легионерлердің ойнауына тыйым салынуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірінші лигада легионерлердің ойнауына тыйым салынуы мүмкін

Бірінші лигада легионерлердің ойнауына тыйым салынуы мүмкін

Бүгін Қазақстан Футбол федерациясының ХІІ конференциясы барысында федерация басшысы Ерлан Қожағапанов бірінші лигада легионерлердің ойнауына тыйым салуды ұсынды.

  • 3 Сәуiр 2015
  • 333
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Біз теңгерімді трансферлі саясатты қолдаймыз. Сондықтан жақын келешекте тиісті өзгерістерді регламентке енгізбекпіз. Легионерлерге қатысты мәселені Бірінші лигадан бастауды ұсынамыз, сол себепті келесі жылдан бастап бізде тек отандық футбол клубтарының түлектері ойнайтын болады. Дәл осыған ұқсас шаралар жаттықтырушылар мен бапкерлер корпусына да қатысты қабылданбақ», — деді Е.Қожағапанов.