Жарияланды: 840

Бірінші сынып оқушыларының мектепке келу уақыты өзгермейтін болды

Бірінші сынып оқушыларының мектепке келу уақыты өзгермейтін болды

Мектептердегі оқу уақытын 20 минут ерте шегеру жөніндегі шешімнің бірінші сынып оқушыларына қатысы жоқ. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Эльмира Суxанбердиева мәлім етті.

"Қазіргі уақытта ата-аналар арасында сауалнама жүргізілуде, барлық тараптардың пікірі ескерілетін болады. Бір анығы - мектептердегі оқу уақытын шегеру бірінші сыныпқа қатысты болмайды", - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, бұның алдында қала басшылығы 14 қыркүйектен бастап Астанадағы 17 мектептің оқушылары үшін сабақ таңғы 7:40-та басталады деп мәлім еткен болатын.

Алайда кейін Астана қаласының прокуратурасы бұл шешімді заңсыз деп тапты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін