Бішкекте оппозицияның наразылық шеруіне қатысушылар парламентті таратуды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте оппозицияның наразылық шеруіне қатысушылар парламентті таратуды талап етуде

Бішкекте оппозицияның наразылық шеруіне қатысушылар парламентті таратуды талап етуде

БІШКЕК. 19 сәуір. Kazakhstan Today. Бішкекте шамамен 2 мың наразылық танытушылар Жогорку кенештің (Қырғызстан парламентінің ) таратылуын талап етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 19 Сәуiр 2007
  • 469
Фото - Caravan.kz

Тілшінінің ақпараты бойынша, бүгін оппозицияның шеруі Бішкектің орталық алаңында емес, парламент ғимаратына қарсы жақта басталды. Онда наразылық танытушылар бірнеше киіз үй тігіп , мінбер орнатып қойған. «Құқық қорғау органдарының қызметкерлері шеру барысын бақылауда, бірақ оған араласып жатқан жоқ»,-дейді тілші.

Осыған дейін хабарланғандай, оппозицияның мерзімсіз наразылық шеруі Бішкекте 11 сәуірде басталған. Ұйымдастырушылары — «Қырғызстанның лайықты болашағы үшін» және «Реформалар үшін» бірлескен майданы — президенттің тез арада отставкаға кетуін, президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді

және конституциялық реформалар өткізуді талап етуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті