Биыл Ауылшаруашылығы министрлігінің іс-қызметіндегі шешуші мәселенің бірі - жұмыс орындарын құру болмақ - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Ауылшаруашылығы министрлігінің іс-қызметіндегі шешуші мәселенің бірі - жұмыс орындарын құру болмақ - премьер

Биыл Ауылшаруашылығы министрлігінің іс-қызметіндегі шешуші мәселенің бірі - жұмыс орындарын құру болмақ - премьер

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Биыл Ауылшаруашылығы министрлігінің іс-қызметіндегі шешуші мәселенің бірі - ауылда жұмыс орындарын құру болмақ. Бүгін Ауылшаруашылығы министрлігінде өткен алқа мәжілісінің барысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай деді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қаңтар 2008
  • 381
Фото - Caravan.kz

«Ауылдарда жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құру Ауылшаруашылығы министрлігінің іс-қызметіндегі 2008 жылғы шешуші мәселенің бірі болмақ», — деді Кәрім Мәсімов.

«Сондай-ақ, мен ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне де тапсырма беремін — бұл біздің 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджетке қатысты жұмыстар барысында баса назар аударатын мәселенің бірі», -деді ол.

«Үкімет ауылдарда жаңа жұмыс орындарының құрылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс, соның ішінде қазір ауылдардан қалаларға қоныс аударған адамдар үшін де жаңа жұмыс орындарының құрылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіспіз, бірақ, елімізде құрылыс саласының даму қарқыны бәсеңдейтіндігіне байланысты біз осындай адамдардың өз ауылдарына оралып жұмыс таба алауы үшін ауылдарда жұмыстарды ұсынуға тиіспіз», -деді үкімет басшысы.

«Бұл шешуші мәселе. Мен ауылшаруашылығы министрінен экономика министрімен бірлесіп осы мәселеге аса мұқият қарап, бәрін есептеуді сұраймын», -деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті