Жарияланды: 430

Биыл еліміз 5 млн. тонна астық экспорттайды - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Биыл еліміз 5 млн. тонна астық экспорттайды. Бұл туралы бүгін, 8-қыркүйекте сенаттағы үкіметтік сағат аяқталғаннан кейін журналистермен жүздескен үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов

мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан. А.Есімов осы орайда Қазақстанның өткен жылы дүниежүзінің 40-тан астам еліне астық экспорттағанын, соның ішінде 1 млн. тоннадан астам астық Еуропаға жөнелтілгенін еске сала кетті. "Былтыр біз астық өткізетін жаңа рыноктар іздеп, жиналған түсімді өткізуде қиындықтарға душар болсақ, биылғы жағдай мүлдем өзгеше ",- деп атап көрсетті ол. "Биыл таяу шетелдер миллиондаған тонна Қазақстан астығына зәрулік танытып отырғандықтан, биыл астықты жақын шетелдерге шығару тиімді",- деді ол. ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің бағалауынша, биыл ТМД елдерінің астыққа деген сұраныс ауқымы шамамен 9 млн. тоннаны құрайды. Сонымен қатар, А.Есімовтің атап көрсетуінше, "Қазақстан батыс және Иран рыногінен айрылуға да құлық танытып отырған жоқ. Өнім өткізетін базар табу қиын да, одан айрылу тіптен оңай болғандықтан біз бұл елдерге де астық экспорттаймыз" . А.Есімовтың журналистерге хабарлауынша, "Қазақстан астығын алыс шетелдерге шығару туралы келісімдерге қазірдің өзінде қол қойылып үлгерді".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть