Бұл — былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 59,1 пайыз артық. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен хабарланды.
Сондай-ақ, ұсақ құқықбұзушылықтарды анықтау да артты, ол өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 37,2 пайыз өсіп, 1 368 902-ні құрады. Осы жылы миллионнан астам адам алғаш рет құқық бұзса, осыған жуық іс қайталама белгілерімен рәсімделді.
Осы кезеңде әкімшілік субъектілерінің практикасында айыппұл салу туралы қаулы — 1,5 есе , ескерту — 1,3 есе артты, сонымен қатар соттар шетелдіктерді әкімшілік жолмен аластату туралы былтырғыдан 2,5 есе көп шешім шығарған.
Сонымен бірге, әкімшілік қамаудың қылмыстық әрекетке ауыстырылуына байланысты оған тартылған адамдардың 1,3 есе азайғаны (Биылғы 8 айда — 53 259, ал 2014 жылғы 8 айда -64 535) байқалады.
«Жалпы өткен кезең ішінде еліміздің қазынасына әкімшілік айыппұл төлеуден 16 млрд. теңге түсіп, айыппұлдардың 44,1 пайызы өндіріліп алынған. Оның ішінде қысқартылған тәртіппен 3,8 млрд. теңгенің 602 605 қаулысы орындалды», — делінген комитет мәліметінде.
Сонымен бірге, үстіміздегі жылы өткен жылға тиесілі айыппұл жөніндегі 30 мыңға жуық қаулының орындалуы барысында 3 млрд. 550 млн. теңге өндірілді.
Аймақтар бойынша ең қайтарымы жоғары Астана қаласы (75,4%) және Шығыс Қазақстан (67,5%), Батыс Қазақстан (62,45%) Қостанай (57,1%), Оңтүстік Қазақстан (54,3%) облыстары болып отыр. Ал Павлодар (30,1%) мен Маңғыстау (19,2%) облыстары айыппұл жинауда төмен сатыда тұр.