Наталья Калашникова, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры:
— Көмекке зәру отандастарымыз хабарласа алады. Мәселен, «Қоржын» мейірімділік керуенінен бастау алған «Асыл бала» жобасының аясында 16 өңір бойынша сырқаты ауыр балаларға меценаттар көмектесіп жатыр. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады. Сондай-ақ Наталья Калашникованың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлт жоспарынның орындалуына үлес қосумен қатар оны нығайтуға да атсалысады. Ал Тәуелсіздіктің 25 жылдығында мыңнан астам іс-шара және Азиядағы өзара сенім және іс-әрекет кеңесіне қатысушы елдердің этномәдени бірлестіктерімен форум өткізбек.