Олар отандық әнші, блогерлердің алапат өрт пен ондағы тұрғындарға бір тиын аудармағанына налыған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Айта кетерлігі Ресейлік «Би 2» тобы Семейде концерт беруі тиіс екен. Алайда олар Абай облысында тілсіз жау ауыздықталмай тұрғанын естіп, өздерінің концерттерінен түскен барлық соманы жергілікті халыққа аударуды жөн көріпті. Бұл туралы топ мүшелері өз концерттерінде мәлім еткен.
Қазақстандықтар ресейлік топтың бұл әрекетіне дән риза болған. Сондай-ақ олар тілсіз жаумен неше күн бойы арпалысқан Семей өңіріндегі апатта, отандық әнші, блогерлер әдеттегідей тасада қалғанына налыған. Олар:
«Бір ресейлік Би 2 құрлы болмады, өзімізден кінә, тойға тайраңдатып шақырамыз, халықтың ақшасына байиды, бірақ халыққа көмек керек кезде, індеріне тығылып алып жатады, не ұят, не намыс жоқ», «Би 2-ға респект, адам екендерін көрсетті, біздкілер сол той-домалақ, ақша есіл дерттері» деп жазды олар.