Бағдаршамның қызыл түсін елемеген БМВ жылдамдықты үдеткен бойда, жарығын жақпастан қарсы бағытқа шыққаны мына кадрларда анық байқалады. Жолды айналып өтпей төтесінен кеспекші болған ол, зулаған бойы бұрылыстан шыға келген жүк көлігінің тіркемесінің астына бір-ақ кірген. Машинаның сау жері жоқ, ал қанға бөккен көлік салонынан сыраның шөлмектері табылды. Желпінген жастар мінген автокөліктің жүргізушісі мен ішіндегі 5 жолаушысы бақилық болды.