БОКС: Головкинге Чавестің салмағының ауыр болуы проблема тудырмайды - Санчес - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БОКС: Головкинге Чавестің салмағының ауыр болуы проблема тудырмайды - Санчес

БОКС: Головкинге Чавестің салмағының ауыр болуы проблема тудырмайды - Санчес

WBA и IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің пікірінше,   мексикалық Хулио Сезар кіші-Чавестің салмағының едеуір ауырлауы керісінше қазақстандықтың пайдасына шешіледі.

  • 4 Сәуiр 2014
  • 366
Фото - Caravan.kz

 «Чавестің салмағы қаншама ауыр болсын, Геннадий оған бас ауыртпақ емес. Головкин рингке 172 фунт маңайында шығады. Қосымша салмақ оның жылдамдығына, өзіндік айла-тәсіліне кері әсерін тигізе алмайды. Егер Чавес шаршы алаңға 20-25 фунт ауыр болып шығар болса, онда қимылы баяулайды. Бұл, жекпе-жек кезінде Геннадийдің  алдына қойған мақсатын орындауды жеңілдетеді»,-деді Санчес.

 Еске сала кетсек, 31 жастағы Геннадий Головкин мен 28 жастағы Хулио Сезар кіші-Чавес арасындағы кездесуді АҚШ-та, 19 шілдеде өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.