Бокс: «Неміс қырандарына» қарсы шығатын «Арландардың» есімі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокс: «Неміс қырандарына» қарсы шығатын «Арландардың» есімі белгілі болды

Бокс: «Неміс қырандарына» қарсы шығатын «Арландардың» есімі белгілі болды

WSB сериясының топтық кезеңі 11-12 қаңтар күні қайта жалғасады.

  • 9 Қаңтар 2013
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Аламан» агенттігінің жазуынша, қазақстандық «Астана арландары» кезекті кездесуін Ганновер қаласында «Неміс қырандарына» қарсы өткізеді. Жарыстың ресми сайты қос команданың құрамын жариялады.

Атап айтқанда, 50-54 келіде қазақ боксшысы Бағдат Әлімбеков румыниялық Николае Равзан Андрианамен кездеседі.

57-61 келі салмақта шаршы алаңға қос ирландиялық боксшы шығады: Оливер Жойс — Эрик Донован.

68-73 келіде Сергей Деревьянченко неміс Хек Паскалимен жұдырықтасады.

80-85 келі салмақта немістер өз боксшылары Серге Мичелді қойып отыр. Оның қарсыласы Сеп Хргович.

Аса ауыр салмақта да неміс-хорват текетіресі. Ринг иелерінің намысын Эрик Бречлини қорғайды. Ал «Арландар» Филипп Хрковичке сенім артып отыр.