БОКС: Қазақстан құрамасы жұбын жазбай Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БОКС: Қазақстан құрамасы жұбын жазбай Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

БОКС: Қазақстан құрамасы жұбын жазбай Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/16 финалында құрама сапындағы соңғы 4 боксшымыз да кеше өз қарсыластарынан басым түсті.

  • 21 Қазан 2013
  • 397
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда Берік Әбдірахманов (60 кг) пуэрто рикалық Ланиелито де ла Росаны 2:1, ал Данияр Елеусінов (69 кг) Багам аралының өкілі Вах Карлды, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) фин Вилли Хукканенді 3:0 есебімен ұтты.

Бүгін Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91 кг) өздерінің екінші кездесуін, яғни 1/8 финалдық ойындарын өткізеді. Олардың қарсыластары өзбекстандық Хасанбой Дусматов (49 кг) Рустам Тулаганов (91 кг), қырғызстандық Өмірбек Малабеков (56 кг), доминикандық Карлос Адамес (64 кг), мексикалық Жуан Меркадо (75 кг) болмақ.