«Боқауыз сөзден басқа не біледі?»: Атышулы Айжан Байзақованы жер-көкке сыйғызбай мақтаған Динара Сәтжанның басы бәлеге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Боқауыз сөзден басқа не біледі?»: Атышулы Айжан Байзақованы жер-көкке сыйғызбай мақтаған Динара Сәтжанның басы бәлеге қалды

«Боқауыз сөзден басқа не біледі?»: Атышулы Айжан Байзақованы жер-көкке сыйғызбай мақтаған Динара Сәтжанның басы бәлеге қалды

Танымал тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан атышулы Айжан Байзақовадан сұхбат аламын деп, елден оңбай сөз естіді.

  • 29 Мамыр 2023
  • 267
Фото - Caravan.kz

Көпшілік кезінде аты шыққан қыздан не себепті сұхбат алғанын білмей дал, деп хабарлайды Сaravan.kz.

Танымал тележүргізуші бұл ойын өзінің желідегі парақшасында мәлім еткен әрі одан сұхбат алғанын жария еткен.

«Маған Айжан Байзақова ұнайды. Өзінің шынайылығы әрі әділдігімен. Ол осымен де ерекше. Кез келген адам өзінің кемшіліктерін түсіне бермейді. Өзінің бұрынғысын елден қысылмай айтып, оны мойындау да ерлік. Ол ештеңеден қорықпайды. Ол өзінің бүкіл өмірі хайп екенін де жасырмайды. Өзінің 30-ға толар-толмас жасында ол түрмеге отырып, тұрмыс құрып, ұл тауып үлгерді. Оның тегі де қазір ауысқан. Толығырақ менің сұхбатымда», -деп жазған ол.

Динара Сәтжанның аталған жазбаны жариялағаны сол еді, көпшілік оны жағымсыз пікірлермен сынап тастаған. Олар:


«Боқауыздан сөзден басқаны білмейтін Байзақавадан несіне сұхбат алдыңыздар? Бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын адам осы ма?», «Бүгінгінің батыры десеңізші одан да», «Басқа адам құрып қалды ма мұқым Қазақстанда сұхбат алатын? Бұл қай сасқаның Динара?» деп жазды олар.