БҚО-да кәсіпкер В. Волковтың тікұшағы апатқа ұшыраған болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да кәсіпкер В. Волковтың тікұшағы апатқа ұшыраған болып шықты

БҚО-да кәсіпкер В. Волковтың тікұшағы апатқа ұшыраған болып шықты

Кәсіпкер, «Талап» АҚ президенті В.Волковтың тікұшағы бүгін қираған күйінде Орал қаласынан 35 шақырым қашықтықтағы Зеленов ауданы Белес ауылы маңынан табылды.

  • 16 Қазан 2013
  • 365
Фото - Caravan.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, хабар түскен бойда жедел штаб құрылып, кәсіпкер ұшағын іздеуге тікұшақтардан бастап төтенше жағдай мен ішкі істер органдары техникалары мен адамдары жұмылдырылған.


Тікұшақпен бірге В.Волков пен аталмыш компания қызметкері Г.Поляничконың мүрдесі табылған.

Қазіргі кезде оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде.