БҚО-да қатты жел ауыл мектебінің шатырын жұлып әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да қатты жел ауыл мектебінің шатырын жұлып әкетті

БҚО-да қатты жел ауыл мектебінің шатырын жұлып әкетті

18 желтоқсан күні қатты жел Шыңғырлау ауданы Лубен ауылында А.Тихоненко атындағы орта мектептің акт залының шатырын жұлып әкеткен.

  • 21 Желтоқсан 2015
  • 460
Фото - Caravan.kz

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғаныс майоры Марат Телемгеновтің айтуынша, жалпы аумағы 170 шаршы метр профлист пен 20 асбест-цемент қаңылтыр құлаған. Абырой болғанда, аталмыш оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығын есептелуде.

Оқыс оқиға жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөліміне аталмыш мектеп мұғалімі А.Қалмағанбетов хабарлаған.


Айта кетейік, ауданда бірнеше күн бойы жел тұрып, қар жауған.