БҚО-да тәртіптік кеңес интернат басшысын жұмыстан қуды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да тәртіптік кеңес интернат басшысын жұмыстан қуды

БҚО-да тәртіптік кеңес интернат басшысын жұмыстан қуды

Ал Батыс Қазақстан облысында мүгедек балаларға арналған интернаттың басшысы тәртіптік кеңестің жиынынан соң қызметінен босатылды. Бірақ Қанат Жұмағазиев бұнымен құтылған жоқ. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен тергелуде.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 241
Фото - Caravan.kz

Прокурорлар қыркүйектің басында «Көшім» балалар интернатына бас сұғып, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған. Мәселен, ғимаратқа жылдар бойы жөндеу жұмысы жүргізілмеген, ал өздері жүріп-тұра алмайтын балаларға арнайы пандустар орнатылмапты. Жалақы толық штатқа төленгенімен, іс жүзінде бірнеше тәрбиеші мен 14 дефектологтың жұмысын небәрі екі адам орындап келген. Енді ұзақ жылдар бойы мақсатты түрде бөлініп келген миллиондаған теңгенің қайда кеткені тергеліп жатыр.

Амангелді Нұғманов, БҚО тәртіптік кеңесінің мүшесі:

-Бір адамның іс-әрекеті бүкіл облыстың абыройына нұқсан келтірді. Басқа айтар сөзім жоқ. Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегінен еш пайда жоқ. Сізді ақтап алатын себеп көріп тұрған жоқпын.