42 жастағы ер адамды ұстады, деп жазды «Уральская неделя» газеті БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— 10 қазанда, сағат 16.10-да Тасқала кентіндегі Тасқала орталық ауруханасының «103» номеріне белгісіз ер адам қоңырау шалып: «Сіздерде бүгін жарылыс болады», — деп хабарлаған. Қоңыраудан кейін полиция қызметкерлері осы аудандағы Атамекен ауылының 42 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір ол қамауда, — деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметінен.
Лаңкестік жөніндегі жалған хабарлама жасағаны үшін 6 жылға дейін бостандығынан айыру қарастырылған. 2015 жылдан мұндай қылмыс үшін айыппұл төлеу және бостандығын шектеу жазалары алынып тасталды.