БҚО-да тікұшақ апатқа ұшырап, 2 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да тікұшақ апатқа ұшырап, 2 адам қаза тапты

БҚО-да тікұшақ апатқа ұшырап, 2 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жеке тікұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. «Робинзон-44» маркалы шағын әуе көлігі Оралдан 35 шақырым жердегі Белес ауылының маңына құлаған.

  • 17 Қазан 2013
  • 352
Фото - Caravan.kz

Марқұмдардың бірі осы өңірге танымал кәсіпкер, тікұшақтың иесі 61 жастағы Владимир Волков. Екіншісі оның көмекшісі, 62 жастағы Григорий Поляничко екен. Екеуі жексенбі күні аңшылық құруға шығып, содан хабарсыз кеткен. Бизнесменді бастапқыда туыстары өз күштерімен іздепті. Бірақ таппаған соң полицияға хабар берген. Әзірге апат себептері белгісіз. Қазір апат орны қоршауға алынып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


Арман Мұхамбетқалиев, Орал қалалық көлік прокуроры:

— Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, ұшу ережесін бұзу бойынша. Толық қорытынды тексеруден соң белгілі болмақ.