БҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. 
 

  • 18 Қыркүйек 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

17 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара-Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", — деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.