Бразилияда «Бразилия музасы» байқауында Мату-Гросу штатының атынан шыққан модель өлімінің мән-жайы тергелуде. Отадан кейін қайтыс болған әйелдің ері Жилберту джи Азиведу бұған аурухана қызметкерлерін айыптап отыр, деп хабарлады G1.
Сонымен қатар, дәрігер өзін айыпты санамайды. Ол жүрегінің тоқтауына Ракелдің өзі кінәлі деп отыр, себебі ол күніне үш қорап темекі шегіп, атқа арналған анаболикалық препараттарды қолданған.