Бразилиядағы Әлем біріншілігінің екінші күнінде үш матч өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилиядағы Әлем біріншілігінің екінші күнінде үш матч өтеді

Бразилиядағы Әлем біріншілігінің екінші күнінде үш матч өтеді

Бразилиядағы Әлемдік футбол біріншілігінің екінші күнінде үш матч өтеді.

  • 13 Маусым 2014
  • 426
Фото - Caravan.kz

Жергілікті уақыт бойынша түскі сағат 13:00-де (20:00 мск) Натал қаласындағы стадионда А тобында Бразилия және Хорватия құрамаларымен бірге өнер көрсететін Мексика мен Камерун командалары өзара бақ сынасады. Ойынға колумбиялық Вилмар Ролдан төрешілік етпек.

Бұл кездесуден кейін В тобындағы командалар сайысқа түседі.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де (23:00 мск) Сальвадор қаласында 2010 жылғы әлем чемпионатының финалистері Испания мен Голландия құрамалары кездеседі. Матч арбитрі – итальяндық төреші Никола Риццоли.

Сағат 18:00-да (мск уақыты бойынша сенбі күні 02:00) Куяба қаласында Чили – Австралия құрамалары сайысқа түседі. Оған Кот д'Ивуарлық судья Нумандиез Дуэ төрелік етеді.