Бүгін 30 шақты жүк көлігі Орал аумағынан шыға алмай қалды
Өйткені, көктайғаққа байланысты қалааралық тас жолдарда қозғалысқа шектеу қойылған. |
Қазіргі уақытта Атырауға және Ресейдің Самара, Саратов қалаларына шығатын жолдар жабық. Өйткені таңғы жаңбырдан соң трассалар мұз айдынына айналған. Ал тайып жығылып жарақат алғандар тіркелмепті. Себебі, мерекеге байланысты жұрттың көбі бүгін үйлерінде. Жеңіл машиналарға жолға шығуға тыйым салынбады. Шектеу тек жүк көліктеріне қатысты.
Геннадий Айтов, жүк көлігінің жүргізушісі:
- Таңғы алтыда жаңбыр жауды. Қазір түс болды. Осы уақытқа дейін жолға не тұз, не құм сепкен техниканы көрмедік. Үкімет ондайға ақша бөледі ғой. Бірақ атқарылып жатқан іс жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін