Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 10 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады. 

  • 10 Қыркүйек 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Жексенбіде Алматы, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.