Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады - Қазгидромет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 31-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

  • 31 Тамыз 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, екпінді жел тұрады, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жаууы да мүмкін.

Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында, Ақтөбе облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.