Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде мектеп оқушылары қашықтан оқиды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр. 
 

  • 11 Қаңтар 2024
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқиды. Бұл туралы жергілікті білім бөлімдері хабарлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, 11 қаңтарда Павлодарда ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері (9-сынып негізінде) қашықтан оқуға көшті.

Қостанайда 30 градустық аязға байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары 11 қаңтардан бастап онлайн оқыту форматына көшірілді.

Семей қаласында 2024 жылғы 11 қантар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты(көктайғақ) 1 ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері (9- сыныптан кейін тускен) үшін сабақ қашықтан оқу форматқа ауыстырылады.

Таразда 11 қаңтарда мектепке дейінгі мекеме мен 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн режимінде өтеді.

Көкшетау қаласында ауа температурасының -25 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 11 қаңтарда 1-ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі.