Назар аударыңыз, бүгін 2014 жылдың 5 желтоқсанында, «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларына жазылу аяқталады.
Ұлттық компанияның акционері атануыңызға әлі уақыт бар!
Еске сала кетейік, қараша айының 5-інен бастап «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында «КЕГОК» компаниясының акцияларын сатып алуға тапсырыс беру басталған болатын. Халықтық науқан бір айға жалғасып, ал ондағы компанияның акция құны 505 теңге болып белгіленген.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары атап өткеніндей, бұл аса сындарлы, әділ әрі ең төменгі шектегі баға. Сонымен қатар, бұл акциялар жеке тұлғаларға «Халықтық ІРО» аясында ғана ұсынылған еді.
Мысалы, 21 қарашадағы жағдай бойынша жеке инвесторлардың тарапынан 4000-ға тарта тапсырыс түсті, оның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрады. Егер, «Қазтрансойл» компаниясының осыған балама нәтижесімен салыстырсақ, олар белгілі бір деңгейде қарайлас. Біз науқан аяқталғанға дейін жекелеген инвесторлардың тарапынан белсенділік артады және компания акцияларын Қазақстанның жеке тұлғалы азаматтары иеленеді деп сенім бар. Егер, азаматтар тарапынан белсенділік байқалмаса, онда қалған акциялар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына оның тапсырыс беруіне қарай өтеді. Бұл ретте еске сала кететін жайт, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тапсырысы негізінен зейнетақы активтері негізінде ғана беріледі, ал бұның өзі Қазақстан азаматтарының жинақ салымдары екені белгілі», — деді Е. Бахмутова.
Оның айтуынша, «Халықтық ІРО» науқанына еліміздің батыс және орталық аймақ тұрғындары тарапынан белсенділік жоғары болып отыр. «Атап айтқанда, тапсырыс берушілер арасында бірінші орында — Ақтөбе облысы, оның соңынан Алматы және Астана қалалары орналасқан, ал төртінші орында — Қарағанды, бесінші орында — Маңғыстау облысы тұр», — деді Е. Бахмутова.


